Авторларға арналған нұсқаулық
«SANA LOGOS» республикалық ғылыми журналы төмендегі ғылыми бағыттар бойынша рецензияланған түпнұсқа мақалалар мен тақырыптық шолуларды қабылдап, жариялайды:
- жаратылыстану ғылымдары;
- педагогика;
- гуманитарлық ғылымдар.
Жарияланым тілі: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.
Жариялау шарттары
Мақалаларды жариялау ақылы негізде жүзеге асырылады. Жариялау құны бірінші (корреспондент) автордың жұмыс орнына сәйкес белгіленеді.
Қолжазбаны тапсыру тәртібі
Қолжазбалар Open Journal Systems (OJS) онлайн платформасы арқылы қабылданады.
Қолжазбаны жібермес бұрын автор журнал сайтындағы төмендегі сілтеме арқылы тіркеліп, жеке кабинетінде қолжазбаны жүктеуі тиіс:
https://sanalogos.kz/index.php/slj/user/register
Авторларды тіркеу және қолжазба жіберу тәртібі бойынша нұсқаулық қосымшада ұсынылған:
Осында басыңыз
Рецензиялау саясаты
«SANA LOGOS» республикалық ғылыми журналы екіжақты жасырын (double-blind) рецензиялау қағидатын ұстанады. Рецензиялау процесінің барлық кезеңдерінде автор мен рецензенттің жеке деректері құпия сақталады.
Рецензиялауға жіберілмес бұрын барлық қолжазбалар журнал талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында редакциялық алдын ала тексеруден өтеді.
Плагиатқа қарсы тексеру және бағалау критерийлері
Қолжазбалар лицензиялық Антиплагиат жүйесі арқылы тексеріледі. Мақаланың түпнұсқалығы кемінде 70 % болуы тиіс.
Сонымен қатар төмендегі ғылыми критерийлер бағаланады:
- зерттеудің жаңалығы;
- алынған нәтижелердің жаңғыртылатындығы;
- нәтижелердің түпнұсқалығы мен ғылыми маңыздылығы;
- қолжазбаның құрылымы мен рәсімделу талаптарына сәйкестігі;
- қорытындылардың мазмұндылығы мен өзектілігі.
Көрсетілген талаптар мен критерийлерге сәйкес келмейтін қолжазбалар рецензиялау кезеңіне жіберілмей, жариялауға қабылданбайды.
Қолжазбаның құрылымы мен рәсімделу талаптары
Қолжазбаның құрылымы мен рәсімделу талаптарымен танысу үшін журнал сайтындағы соңғы жарияланған мақалалар мен қолжазба үлгілерін қарау ұсынылады. Қолжазба үлгісін келесі сілтеме арқылы жүктеуге болады:
қолжазба үлгісі (DOCX)Жалпы техникалық талаптар
- Мәтін бет жиектері: жоғары және төменгі – 2 см, сол және оң – 2 см.
- Мәтінді туралау – ені бойынша (автоматты дефиспен).
- ӘОЖ индексі парақтың жоғарғы сол жақ бұрышында көрсетіледі.
- Қолжазба MS Word бағдарламасында, Times New Roman, 12 кегль, екі интервалмен терілуі тиіс.
Мақала тақырыбы мен авторлар туралы мәлімет
- Мақала тақырыбы мазмұнды, нақты және шамадан тыс ұзақ болмауы керек.
- Авторлар туралы мәліметтер: тегі, аты-жөнінің бас әріптері, жұмыс орындалған мекеменің толық атауы көрсетіледі.
- Корреспондент автор және барлық авторлардың электрондық пошта мекенжайлары мен ORCID нөмірлері беріледі.
- Әрбір автор туралы толық ақпарат ұсынылуы тиіс.
- Бір мақаладағы авторлар саны 4-тен аспауы керек.
Аннотация және кілт сөздер
Аннотация құрылымы: «Алғышарттары мен мақсаты», «Материалдар мен әдістер», «Нәтижелер», «Қорытынды».
Аннотация көлемі 500 сөзден аспауы тиіс.
Кілт сөздер алфавиттік ретпен, жекеше түрде, нүктелі үтір арқылы беріледі (4–6 сөз немесе сөз тіркесі).
Аннотация мен кілт сөздер мақаланың соңында екі тілде ұсынылады.
Мақаланың негізгі бөлімдері
Кіріспе. Тақырыптың өзектілігі қазіргі ғылыми әдебиеттерге шолу негізінде көрсетіледі, зерттеудің жаңалығы мен мақсатының маңыздылығы негізделеді.
Материалдар мен әдістер. Қолданылған әдістер қайталанатын болуы тиіс. Стандартты әдістерге дереккөздерге сілтеме беріледі, ал жаңа әдістер толық сипатталуы қажет.
Нәтижелер және талқылау. Алынған нәтижелер кестелер, графиктер және/немесе иллюстрациялар арқылы ұсынылады, статистикалық өңдеу жүргізіледі, басқа зерттеулердің нәтижелерімен салыстыру жасалады, заңдылықтар мен қайшылықтар талданады.
Қорытынды. Зерттеу нәтижелері бойынша негізгі тұжырымдар беріледі және әрі қарайғы зерттеу бағыттары айқындалады.
Әдебиеттерге сілтеме жасау
-
Әдебиеттер тізіміне соңғы 10 жылда жарияланған ғылыми мақалалар енгізіледі (іргелі классикалық еңбектерден басқа).
-
Диссертацияларға, конференция материалдарына, тезистерге және жарияланбаған еңбектерге сілтеме жасауға рұқсат етілмейді.
-
DOI болған жағдайда оны көрсету міндетті.
-
Әдебиеттер тізімі алфавиттік ретпен беріледі.
Мәтін ішіндегі сілтеме
«Автор–жыл» жүйесі қолданылады.
Мысалдар:
-
Сіздің текст (Smith, 2022).
-
Brown et al. (2023) айтарлықтай байланыс анықтады.
-
Бірнеше зерттеу бұл нәтижені растайды (Johnson & Lee, 2021; Smith, 2022).
-
- Әдебиеттер тізімінде: 1. Smith, J. A., & Brown, L. M. (2022). Мақала аты. Журнал аты, 11(4), 1023. https://doi.org/10.3390/jcm11041023
Қысқартулар мен терминдер
Қысқартулар алғаш рет қолданылған кезде терминнің толық атауы көрсетіліп, жақша ішінде аббревиатурасы беріледі.
Өлшем бірліктері, кестелер, иллюстрациялар және формулалар
- Өлшем бірліктері SI жүйесіне сәйкес беріледі.
- Арнайы таңбалар Word бағдарламасының символдар мәзірі арқылы енгізілуі керек.
- Сандар мен өлшем бірліктері арасында бос орын қалдырылады (мысалы, 3 кг), ал пайыз белгісімен бос орын қалдырылмайды (45%).
Кестелер
Кестелер мәтінде алғаш аталғаннан кейін бірден орналастырылады, нөмірленеді және атауы кестенің үстіне жазылады.
Иллюстрациялар
Барлық суреттер мен диаграммалар мәтінде нөмірленіп, «…-суретке сәйкес» түрінде сілтеме жасалады. Атауы суреттің астына ортасына тураланып беріледі.
Формулалар
Қарапайым формулалар мәтінде таңбалармен, ал күрделі формулалар Microsoft Equation 2.0/3.0 редакторы арқылы теріледі.
Қолжазбаның қаралу барысын бақылау
Корреспондент автор қолжазбаның қаралу мәртебесін жеке кабинет арқылы бақылай алады және жүйеден автоматты хабарламалар алады.
Рецензиялау, түзету және жариялау
Журналда екіжақты жасырын рецензиялау жүргізіледі. Рецензенттердің пікірлері авторға жіберіледі, қажет болған жағдайда автор негізделген жауап береді. Соңғы шешімді бас редактор қабылдайды.
Авторлар қолжазбаның мазмұнына толық жауапты. Барлық түзетулер мен жауаптар Word бағдарламасының рецензиялау режимінде бір файлда орындалуы тиіс.
Онлайн нұсқада жарияланған барлық мақалаларға DOI (Digital Object Identifier) нөмірі беріледі.