Журнал туралы

Journal Logo

SANA LOGOS — жаратылыстану, педагогика, гуманитарлық ғылымдар саласындағы өзекті ғылыми зерттеулерге арналған, рецензияланатын республикалық ғылыми журнал. Журналда биология, медицина, экология, биотехнология, химия, физика, математика және басқа да жаратылыстану бағыттарындағы түпнұсқа ғылыми мақалалар, шолу мақалалар және ғылыми баяндамалар жарияланады.

Журналдың негізгі мақсаты — ғылыми нәтижелерді кең ғылыми қауымдастыққа тарату, пәнаралық зерттеулерді қолдау және жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамыту.

SANA LOGOS журналында жарияланатын барлық мақалалар соқыр рецензиялау (peer review) рәсімінен өтеді.

Журнал ашық қолжетімділік (Open Access) қағидатын ұстанады. Жариялану жиілігі: жылына 4 рет (тоқсан сайын). Мақалалар тілі: қазақ, орыс, ағылшын.


"SANA LOGOS" Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 2-тарауы, 10-бабына сәйкес ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетінде есепке алынған.
Тіркеу туралы куәлік: № KZ27VPY00140193, берілген күні 2026 жылғы 22 қаңтар.