Сүйінші! Басылымымыз халықаралық ISSN нөмірін алды

07.04.2026

​Құрметті оқырмандар мен авторлар!

​Біздің журналдың халықаралық стандартты сериялық нөмірді (ISSN) ресми түрде алғанын қуанышпен хабарлаймыз. Бұл біздің басылымның халықаралық деңгейде танылуына және ғылыми-ақпараттық кеңістіктегі мәртебесінің артуына жасалған маңызды қадам.

​Енді журналдың әрбір саны халықаралық тізілімде тіркеліп, әлемдік кітапхана қорлары мен мәліметтер базасында қолжетімді болады.

​Бізбен бірге болғандарыңыз үшін рақмет!