Биспидин синтезін талдау мысалында органикалық синтездердің студенттердің зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудағы педагогикалық әлеуетін теориялық негіздеу

Авторлар

  • А.Р. Вагиз Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті image/svg+xml Автор https://orcid.org/0009-0004-2895-0064
  • А.Е. Малмакова Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті image/svg+xml Автор

DOI:

https://doi.org/10.5281/zenodo.18731642

Кілт сөздер:

биспидин синтезі, органикалық синтез,, зерттеушілік дағды, зертханалық оқыту, педагогикалық әлеует, зерттеуге негізделген оқыту

Аңдатпа

Алғышарттар мен мақсат. Жоғары білім беру жүйесінде студенттердің зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру кәсіби даярлық сапасының маңызды көрсеткіші болып табылады. Педагогикалық әдебиеттерде зерттеуге негізделген оқыту көбіне жалпы әдістемелік деңгейде қарастырылып, нақты органикалық синтездердің құрылымдық ерекшеліктері мен олардың педагогикалық әлеуеті жүйелі түрде талданбайды. Осыған байланысты зерттеудің мақсаты – органикалық синтездердің студенттердің зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудағы педагогикалық әлеуетін теориялық тұрғыдан жүйелеу және оны биспидин синтезін талдау мысалында көрсету.

Материалдар мен әдістер. Зерттеу жүйеленген әдеби шолу және теориялық талдау негізінде жүргізілді. 2015-2025 жылдар аралығында Scopus, Web of Science және Google Scholar дерекқорларында жарияланған еңбектер іріктелді. Талдау мазмұндық және құрылымдық-салыстырмалы әдістер арқылы жүзеге асырылды.

Нәтижелер. Зерттеу нәтижесінде зерттеушілік дағдылардың когнитивтік, операциялық және рефлексиялық компоненттерін қамтитын құрылымдық модель әзірленді және олар нақты оқу әрекеттері мен бағалау дескрипторлары арқылы операционалданды. Ұсынылған критерийлер негізінде биспидин синтезі талданып, оның көпсатылы және механизмдік күрделі құрылымы зерттеушілік әрекеттің толық циклін іске асыруға мүмкіндік беретіні көрсетілді.

Қорытынды. Органикалық синтездерді педагогикалық тұрғыдан саралаудың теориялық моделі ұсынылды. Биспидин синтезі зерттеушілік дағдыларды модельдеуге қолайлы пәндік мысал ретінде негізделді. Ұсынылған тәсіл зертханалық сабақтарды проблемалық-ізденістік форматта ұйымдастыруға әдіснамалық негіз бола алады және эмпирикалық тексеруді талап етеді.

Әдебиеттер тізімі

1. Dewey, J. (1938). Experience and education. Macmillan.

2. Bruner, J. S. (1960). The process of education. Harvard University Press.

3. Kolb, D. A. (1984). Experiential learning: Experience as the source of learning and development. Prentice Hall.

4. Сүнетуллаева, Ш. У., Сарбаева, Г. Т., Жылысбаева, Г. Н., & Сарбаева, М. Т. (2024). Химия пәнін оқытуда интеграцияланған теориялық-практикалық оқыту тәсілін қолдану. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Педагогика сериясы, 147(2), 468–480. URL: https://doi.org/10.32523/2616-6895-2024-147-2-468-480

5. Гвоздева, А. В., & Чаплыгина, А. В. (2019). Организация современного лабораторного практикума по химии в условиях образовательного кластера. Ученые записки. Электронный научный журнал Курского государственного университета, (2), 50. URL: https://cyberleninka.ru/article/n/organizatsiya-sovremennogo-laboratornogo-praktikuma-po-himii-in-usloviyah-obrazovatelnogo-klastera

6. Кузьменок, Н. М., & Михалёнок, С. Г. (2014). Метод интерактивного обучения в организации лабораторного практикума по курсу «Органическая химия». Высшее техническое образование, (8). URL: https://cyberleninka.ru/article/n/metod-interaktivnogo-obucheniya-v-organizatsii-laboratornogo-praktikuma-po-kursu-organicheskaya-himiya

7. Pilcher, L. A., Riley, D. L., Mathabathe, K. C., & Potgieter, M. (2015). An inquiry-based practical curriculum for organic chemistry as preparation for industry and postgraduate research. South African Journal of Chemistry, 68, 236–244. URL: https://doi.org/10.17159/0379-4350/2015/v68a32

8. Montag, S. D. (2024). Transformation of the organic chemistry laboratory: A movement towards an inquiry-based laboratory experience (Doctoral dissertation). ERIC. URL: https://files.eric.ed.gov/fulltext/ED647958.pdf

9. Айқын Д., Абибуллаева З. К., Лукманова А. М. Химияны оқытуда тәжірибелік-бағдарлы тапсырмаларды пайдалану // Вестник науки. – 2025. – № 4 (85). URL: https://cyberleninka.ru/article/n/himiyany-o-ytuda-t-zhiribelik-ba-darly-tapsyrmalardy-paydalanu

10. Венкова С. И. Формирование исследовательских умений и навыков в курсе химии в основной и старшей школе // Актуальные проблемы гуманитарных и естественных наук. – 2024. – № 4-2. URL: https://cyberleninka.ru/article/n/formirovanie-issledovatelskih-umeniy-i-navykov-v-kurse-himii-v-osnovnoy-i-starshey-shkole

11. Пернебекова, А. Е., & Жанбеков, Х. Н. (2025). Химияны оқыту үдерісінде оқушылардың экологиялық құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту: Теориялық-әдістемелік негіздері. Вестник науки, (4). URL: https://cyberleninka.ru/article/n/himiyany-o-ytu-derisinde-o-ushylardy-ekologiyaly-zyrettiligin-alyptastyru-zh-ne-damytu-teoriyaly-distemelik-negizderi

12. Мадыбекова, Г. М., Забынбекова, Т. Б., & Керимбаева, К. З. (2025). Болашақ химия педагогтерінің зерттеу дағдыларын жетілдіруде жобалық оқыту технологиясының маңызы. Bulletin of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan, 418(6), 293–306. URL: https://doi.org/10.32014/2025.2518-1467.1071

13. Ниязбаева, А. И., & Барахат, А. П. (2024). «6B05301 – Химия» білім беру бағдарламасы студенттерінің зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Хабаршысы, 93(1). URL: https://doi.org/10.37238/2960-1371.2960-138X.2024.93(1).6

14. Шығытбас, С. А., Шергазиева, Н. Т., Шарасба, Б. Б., & Битурсын, С. С. (2025). Химияны оқыту барысында оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру нәтижелерін бағалау әдістерін анықтау. PEDS, 78(3). URL: https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.78.3.034

Жүктеулер

Жарияланды

24.02.2026

Дәйексөзді қалай келтіруге болады