Аминофосфонаттар синтезін оқыту үдерісіне енгізу арқылы студенттердің зерттеушілік құзіреттілігін жетілдіру
DOI:
https://doi.org/10.5281/zenodo.18731640Кілт сөздер:
зерттеу құзыреттілігі, аминофосфонаттар, органикалық синтез, зерттеу арқылы оқыту, химиялық білім, педагогикалық экспериментАңдатпа
Алғышарттар мен мақсаты
Жоғары білім беру жүйесінде студенттердің зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Әсіресе химия саласында теориялық білімді тәжірибелік әрекетпен ұштастыру студенттердің ғылыми ойлауын дамытуға және зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты оқу үдерісіне нақты химиялық синтез элементтерін енгізу өзекті педагогикалық міндеттердің қатарына жатады.
Зерттеу мақсаты - органикалық химия курсында аминофосфонаттар синтезін оқыту арқылы студенттердің зерттеу құзыреттілігін дамытудың педагогикалық тиімділігін анықтау.
Материалдар мен әдістер. Зерттеу барысында теориялық (ғылыми әдебиеттерді талдау, салыстыру, жүйелеу) және эмпирикалық (педагогикалық эксперимент, бақылау, практикалық жұмыстарды талдау) әдістер қолданылды. Педагогикалық эксперимент Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғылыми химия мамандығы бойынша білім алатын 3-курс студенттері арасында жүргізілді. Зерттеуге барлығы 24 студент қатысты: 12 студент эксперименттік топқа, 12 студент бақылау тобына бөлінді. Эксперимент органикалық химия пәні аясында бір академиялық модуль бойы ұйымдастырылды.
Нәтижелер. Зерттеу нәтижелері эксперименттік топ студенттерінің зерттеу құзыреттілігінің негізгі көрсеткіштері бойынша жоғары деңгейге жеткенін көрсетті: экспериментті жоспарлау қабілеті – 83% (бақылау тобында – 57%), ғылыми негізде ой қорыту – 81% (56%), оқу мотивациясының деңгейі – 89% (54%). Деректерді талдау дағдылары бойынша эксперименттік топ көрсеткіші 60%-ды құрап, бақылау тобымен (56%) салыстырғанда оң динамика байқалды.
Қорытынды. Аминофосфонаттар синтезін оқу үдерісіне енгізу студенттердің зерттеу дағдыларын дамытуға ықпал ететін тиімді педагогикалық шешім екенін дәлелдейді және зерттеу тәсіліне негізделген оқытудың дәстүрлі әдістермен салыстырғанда анағұрлым нәтижелі екенін көрсетеді.
Түйін сөздер: зерттеу құзыреттілігі, аминофосфонаттар, органикалық синтез, зерттеу арқылы оқыту, химиялық білім, педагогикалық эксперимент.
Әдебиеттер тізімі
1 Keglevich, G. (Ed.). (2020). Organophosphorus chemistry 2018. MDPI. https://doi.org/10.3390/books978-3-03928-237-1
2 Eilks, I., & Hofstein, A. (Eds.). (2015). Relevant chemistry education: From theory to practice. Springer. https://doi.org/10.1007/978-94-6300-175-5
3 Keglevich, G., & Bálint, E. (2012). The Kabachnik–Fields reaction: Mechanism and synthetic use. Molecules, 17(11), 12821–12835. https://doi.org/10.3390/molecules171112821
4 Ghigo, G., Nicoletti, S., & Dughera, S. (2026). The Kabachnik–Fields reaction: A key transformation in organophosphorus chemistry. Reactions, 7(1), 3. https://doi.org/10.3390/reactions7010003
5 Eymur G. Developing High School Students’ Self-Efficacy and Perceptions about Inquiry and Laboratory Skills through Argument-Driven Inquiry // Journal of Chemical Education. – 2018. – Vol. 95, №5. – P. 709–715. – DOI: 10.1021/acs.jchemed.7b00934.
6 George-Williams S. R., Soo J. T., Ziebell A. L., Thompson C. D., Overton T. L. Inquiry and industry inspired laboratories: the impact on students’ perceptions of skill development and engagements // Chemistry Education Research and Practice. – 2018. – Vol. 19. – P. 583–596. – DOI: 10.1039/C7RP00233E.
7 Varga, P. R., & Keglevich, G. (2021). Synthesis of α-aminophosphonates and related derivatives; The last decade of the Kabachnik–Fields reaction. Molecules, 26(9), 2511. https://doi.org/10.3390/molecules26092511
8 Tajbakhsh, M., Heydari, A., Alinezhad, H., Ghanei, M., & Khaksar, S. (2008). Coupling of aldehydes, amines, and trimethyl phosphite promoted by Amberlyst-15: Highly efficient synthesis of α-aminophosphonates. Synthesis, (3), 352–354. https://doi.org/10.1055/s-2008-1032034
9 Doszhanova, K. A., Kuandykova, A. B., Dzhiembaev, B. Zh., & Burilov, A. R. (2022). Synthesis of new α-aminophosphonates based on cyclohexylamines in the conditions of the Fields–Kabachnik reaction. Chemical Journal of Kazakhstan.
10 Kaldybayeva, A. B., Malmakova, A. Ye., Yu, V. K., & Praliyev, K. D. (2023). Synthesis and biological properties of some α-aminophosphonates. Chemical Journal of Kazakhstan.
11 Chuiko, Y. V., Korotkiy, Y. V., & Bondar, V. A. (2021). Phosphonomethylated derivatives of dinitroanilines. Journal of Organic and Pharmaceutical Chemistry. https://doi.org/10.24959/ophcj.15.839
12 Matveeva, E. D., Podrugina, T. A., Tishkovskaya, E. V., Tomilova, L. G., & Zefirov, N. S. (2003). A novel catalytic three-component synthesis (Kabachnik–Fields reaction) of α-aminophosphonates from ketones. Synlett, 2321–2324. https://doi.org/10.1055/s-2003-42118
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 A. Максат, А.Е. Малмакова (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.
Мақалалар Creative Commons Attribution 4.0 International (CC BY 4.0) лицензиясы бойынша таратылады.