Мектеп математикасын оқытуда кейс әдісін қолданудың әдістемелік ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.5281/zenodo.18731636Кілт сөздер:
кейс әдісі, математикалық модельдеу, функционалдық сауаттылық, сыни ойлау, проблемалық оқыту, мектеп математикасыАңдатпа
Алғышарттар мен мақсат. Қазіргі білім беру жүйесі оқушылардың функционалдық сауаттылығын, аналитикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Осыған байланысты мектеп математикасын оқытуда теорияны өмірлік жағдаяттармен байланыстыратын тиімді педагогикалық технологияларды енгізу қажеттілігі туындайды. Зерттеудің мақсаты – мектеп математикасын оқытуда кейс әдісін қолданудың әдістемелік ерекшеліктерін айқындау және оның оқушылардың математикалық түсінуіне әсерін бағалау.
Материалдар мен әдістері. Зерттеу Шымкент қаласындағы жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушылары арасында жүргізілді (52 оқушы). Эксперименттік топта кейс-әдіс, бақылау тобында дәстүрлі оқыту қолданылды. Зерттеу барысында сызықтық теңдеулер, пайыз және қозғалысқа байланысты есептер тақырыптары қамтылды. Диагностикалық жұмыстар, бақылау тесттері және сауалнама әдістері пайдаланылды.
Нәтижелері. Эксперимент нәтижесінде эксперименттік топтың білім көрсеткіші 64%-дан 82%-ға дейін өсті, ал бақылау тобында өсім 72%-ға дейін ғана байқалды. Оқушылардың математикалық модель құру, дәлелдеу және бірнеше тәсілмен шешу дағдылары айтарлықтай артты. Оқушылардың 78%-ы сабақтың өмірмен байланысын түсінгенін көрсетті. Кейс әдісін жүйелі қолдану оқушылардың математикалық модельдеу біліктерін қалыптастыру мен жетілдіруге оң әсер ететіні айқындалды. Оқу барысында нақты өмірлік жағдаяттарды талдау, мәселені математикалық тілге көшіру және алынған нәтижені түсіндіру қабілеттері едәуір дамыды. Бұл тәсіл оқушылардың теориялық білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдану деңгейін арттырып, олардың функционалдық сауаттылығы мен логикалық ойлау белсенділігінің өсуіне ықпал етті.
Қорытынды. Кейс әдісі мектеп математикасын оқытуда оқушылардың математикалық түсінуін тереңдететін, зерттеушілік және коммуникативтік дағдыларын дамытатын тиімді педагогикалық технология болып табылады. Бұл әдіс оқушыны оқушы пассивті білім қабылдаушыдан белсенді білім жасаушыға айналады және заманауи білім беру талаптарына сәйкес келеді. Аталған нәтижелердің педагогикалық маңызы – оқытуды дайын білімді меңгертуден тәжірибелік әрекетке негізделген танымдық үдеріске көшіруінде. Мұнда оқушылар мәселені талдап, болжам жасап, математикалық модель құрып, нәтижесін түсіндіру кезеңдерінен өтеді, соның нәтижесінде білім саналы түрде қалыптасады және оны жаңа жағдаяттарда қолдану қабілеті дамиды. Бұл оқу мотивациясының артуына және функционалдық сауаттылықтың қалыптасуына ықпал етеді. Теориялық тұрғыдан қорытындылар конструктивті және әрекеттік тәсілдердің тиімділігін дәлелдеді. Математикалық модельдеуді кезең-кезеңімен ұйымдастыру мектеп математикасында теория мен практиканы байланыстыратын әдістемелік негіз бола алатынын көрсетеді.
Әдебиеттер тізімі
1. Әбілқасымова А.Е. Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі / А.Е. Әбілқасымова. – Алматы: Білім, 2011. – 320 б.
2. Сарайкина, Н. В. Применение кейс-метода на уроках математики / Н. В. Сарайкина // Совершенствование математического образования в школе : сборник научно-методических статей / Под ред. Г. Н. Суминой. – Комсомольск-на-Амуре : Амурский гуманитарно-педагогический государственный университет, 2019. – С. 132-138. – EDN OHBYWV.
3. Майер, Е. И. Метод кейсов в процессе обучения математике [Электронный ресурс]. / Е. И. Майер. // Молодой ученый. – 2017. – No 13. – С. 571-574. – Режим доступа : https://moluch.ru/archive/147/41325/ (дата обращения : 20.02.2026).
4. Буранова Гульнора Ёдгоровна, Носирова Шохиста Эльмуродовна СУЩНОСТЬ ПРИМЕНЕНИЯ МЕТОДА КЕЙС-ТЕХНОЛОГИЙ В ОРГАНИЗАЦИИ УЧЕБНОГО ПРОЦЕССА // Academy. 2020. №9 (60). URL: https://cyberleninka.ru/article/n/suschnost-primeneniya-metoda-keys-tehnologiy-v-organizatsii-uchebnogo-protsessa (дата обращения: 20.02.2026).
5. Слямхан, М. М. Қазақстан оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейі және оны жетілдіру жолдары / М. М. Слямхан, Ж. Т. Қайыңбай // Журнал серии «Педагогические науки». – 2022. – Vol. 66, No. 3. – DOI 10.48371/peds.2022.66.3.021. – EDN ETOQJH.
6. Конунова, К. Э. "МЕТОДИЧЕСКИЕ ОСОБЕННОСТИ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ КЕЙС-МЕТОДА НА УРОКЕ МАТЕМАТИКИ." Вестник науки 1.6 (63) (2023): 343-346.
7. Конышева, Т. В. Проблемность при изучении математики / Т. В. Конышева // ПРИОРИТЕТЫ ПЕДАГОГИКИ и СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ : сборник статей III Международной научно-практической конференции, Пенза, 15 августа 2018 года. – Пенза: "Наука и Просвещение" (ИП Гуляев Г.Ю.), 2018. – С. 17-20. – EDN UVUFNA.
8. Lessani A., Yunus A., Bakar K. Comparison of new mathematics teaching methods with traditional method //People: International Journal of Social Sciences. – 2017. – Т. 3. – №. 2. – С. 1285-1297.
9. Далингер, В. А. Кейс-метод в подготовке учителя математики / В. А. Далингер // Международный журнал экспериментального образования. – 2015. – № 3-3. – С. 427-430. – EDN ROJNQO.
10. Денищева Л. О., Глазков Ю. А., Краснянская К. А. Проверка компетентности выпускников средней школы при оценке образовательных достижений по математике //Математика в школе. – 2008. – No6, – С.19-30.
11. Sharipovich R. A. Interactive methods in teaching mathematics: CASE STUDY method //Научные исследования. – 2020. – №. 3 (34). – С. 21-24.
12. Armanto, D. (2022). Case Method: Analysis of Student’s Mathematic Understanding Ability. Proceedings of the 4th International Conference on Innovation in Education, Science and Culture, ICIESC 2022, 11 October 2022, Medan, Indonesia. https://doi.org/10.4108/EAI.11-10-2022.2325317
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 М.Х. Абдукаримова, Э.Т. Адылбекова (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.
Мақалалар Creative Commons Attribution 4.0 International (CC BY 4.0) лицензиясы бойынша таратылады.