Химиялық элементтердің периодтық жүйесі бөлімін оқытуда жасанды интеллектті қолданудың тиімділігі (8-сынып)

Авторлар

  • А. Г. Қасым №13 мектеп-гимназия , Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті image/svg+xml Автор https://orcid.org/0009-0000-1612-5412
  • М. Б. Ахтаева Автор

DOI:

https://doi.org/10.5281/zenodo.19910845

Кілт сөздер:

жасанды интеллект, оқыту, педагогикалық интеллект, периодтық жүйе, цифрландыру

Аңдатпа

Алғышарттары мен мақсаты. Білім беру жүйесін цифрландыру жағдайында интеллектуалды цифрлық технологияларды оқу үдерісіне енгізу қазіргі педагогиканың өзекті бағыттарының біріне айналды. Мұндай құралдар оқытуды дараландыруға, оқу нәтижелерін талдауға және жедел кері байланыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді, алайда олардың пәндік оқытудағы педагогикалық тиімділігі жеткілікті зерттелмеген. Химия пәніндегі «Химиялық элементтердің периодтық жүйесі» тақырыбы абстрактілі заңдылықтарға негізделгендіктен, оқушылар үшін күрделі бөлімдердің бірі болып саналады. Осыған байланысты зерттеудің мақсаты – цифрлық интеллектуалды құралдарды қолданудың 8-сынып оқушыларының периодтық жүйе тақырыбын меңгеру нәтижелеріне әсерін анықтау.

Материалдар мен әдістер. Зерттеу Алматы қаласындағы №13 мектеп-гимназияның 8-сынып оқушылары арасында квази-эксперименттік pretest–posttest бақылау тобы бар дизайн негізінде жүргізілді. Зерттеуге барлығы 37 оқушы қатысты: эксперимент тобы – 8 «А» сыныбы (15 оқушы), бақылау тобы – 8 «Ә» сыныбы (22 оқушы). Эксперимент тобында ChatGPT, Canva AI, Assemblr World және Educaplay платформалары қолданылса, бақылау тобында дәстүрлі оқыту әдістері пайдаланылды. Деректер тестілеу, педагогикалық бақылау және салыстырмалы статистикалық талдау әдістері арқылы өңделді.

Нәтижелер. Қорытынды тест нәтижелері эксперимент тобында оқу жетістіктерінің жоғары болғанын көрсетті (M=8,27), ал бақылау тобында орташа көрсеткіш M=7,55 болды. Стьюденттің t-критерийі бойынша топтар арасында айырмашылық байқалғанымен (t=1,40; p=0,17), ол статистикалық маңыздылық деңгейіне жеткен жоқ. Сонымен қатар екі топта да бастапқы және қорытынды көрсеткіштер арасында статистикалық тұрғыдан маңызды өсім анықталды (p<0,001). Визуализация, интерактивті тапсырмалар және автоматтандырылған кері байланыс оқушылардың оқу белсенділігі мен материалды түсіну деңгейінің артуына ықпал етті.

Автор өмірбаяны

  • А. Г. Қасым, №13 мектеп-гимназия, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті

    Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, 6В01512 – Химия-биология мамандығының 4-курс  студенті

     

Әдебиеттер тізімі

1. Biasin, C. (2025). Teaching project management with generative AI: A pedagogical model for responsible and sustainable practice. The International Journal of Management Education, 23.

https://www.sciencedirect.com/science/article/abs/pii/S1472811725001028 (Accessed: 20 February 2026).

2. Camacho, M. (2024). Using mobile learning with artificial intelligence: A pedagogically informed framework. Computers and Education: Artificial Intelligence, 7.

https://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S2666920X24000791 (Accessed: 20 February 2026).

3. Díaz, B. (2024). Artificial intelligence for teaching and learning in schools: The need for pedagogical intelligence. Computers & Education, 24.

https://www.sciencedirect.com/science/article/abs/pii/S036013152400085X (Accessed: 20 February 2026).

4. Maundridu, M. (2024). Generative AI tools as educators’ assistants: Designing inquiry-based lesson plans. Computers and Education: Artificial Intelligence, 7.

https://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S2666920X24000808 (Accessed: 20 February 2026).

5. Rahimi, A. R. (2025). Enhancing language education with ChatGPT: Developing 21st-century digital skills. Research Methods in Applied Linguistics, 4.

https://www.sciencedirect.com/science/article/abs/pii/S2772766125000394 (Accessed: 20 February 2026).

6. Оспанова, М. К., Аухадиева, К. С., & Белоусова, Т. Г. (2018). Химия: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық (109–125 бб.). Алматы: Мектеп.

7. Баймұхамедов, М. Ф., Баймұхамедова, А. М., & Боранбаев, С. Н. (2020). Жасанды интеллект: қазіргі заманғы теория және тәжірибе. Алматы: Бастау.

8. Адильбекова, А. К., & Бәйтен, М. Н. (2024). Жасанды интеллект және ақпараттық-коммуникациялық технологияның білім беру нәтижелеріне әсері. Актуальные проблемы науки и образования в условиях глобальных изменений (52–55 бб.). Алматы.

9. Айткулова, Г. Т., & Рахметова, К. М. (2025). Жасанды интеллект білім сапасын жақсартады. Qostanai daryny.kz, 2(23), 33. (Accessed: 20 February 2026).

10. Mukushev, N. N. (2019). Цифровое образование в Казахстане. Pedagogikalyq Dialog = Педагогический диалог = Pedagogical Dialogue, 4(30), 12.

11. Анаш, Д. (2021, July 31). Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ала ма? Сарыарқа самалы, 4.

12. Сәдуақасқызы, К. (2006). Химия. 8 сынып: Д.И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі мен периодтық заңы тақырыбын оқыту (4 б.). Астана.

Жүктеулер

Жарияланды

30.04.2026

Журналдың саны

Бөлім

Жаратылыстану ғылымдары