Көмірсутектер тарауын оқытуда экологиялық мазмұнды енгізудің  педагогикалық мүмкіндіктері

Авторы

DOI:

https://doi.org/10.5281/zenodo.18731638

Ключевые слова:

оргаикалық химия, педагогика, тұрақты даму, цифрлық тапсырма, химияны оқыту әдістемесі, экологиялық сауаттылық

Аннотация

Қазіргі жоғары білім беру жүйесінде химиялық білімді экологиялық контексте меңгерту студенттердің кәсіби даярлығының маңызды бөлігіне айналып отыр. Әсіресе органикалық химия курсын оқыту барысында химиялық процестердің қоршаған ортаға әсерін түсіну, тұрақты даму қағидаттарын ескеру және жауапты химиялық ойлау дағдыларын қалыптастыру өзекті болып табылады. Зерттеудің мақсаты – органикалық химияның көмірсутектер тарауын оқытуда экологиялық мазмұнды кіріктіру және цифрлық тапсырмалар жүйесін қолдану арқылы студенттердің экологиялық сауаттылығын дамыту мүмкіндіктерін айқындау.Зерттеу барысында органикалық химия курсының көмірсутектер тарауы негізінде экологиялық мазмұнмен толықтырылған оқу тапсырмалары әзірленді. Оқыту процесінде цифрлық білім беру платформасында интерактивті есептер, жағдайлық талдау тапсырмалары және рефлексия элементтері қолданылды. Студенттердің бастапқы және қорытынды білім деңгейі pre-test және post-test форматындағы диагностикалық тапсырмалар арқылы салыстырмалы түрде талданды. Сонымен қатар оқу нәтижелері сапалық талдау әдістері арқылы бағаланды. Оқыту барысында студенттердің көмірсутектердің химиялық қасиеттерін экологиялық тұрғыдан талдау қабілеті артқаны байқалды. Цифрлық тапсырмалар жүйесі студенттердің өз бетінше жұмыс істеу белсенділігін күшейтіп, химиялық білімді нақты экологиялық мәселелермен байланыстыруға мүмкіндік берді. Студенттер химиялық реакциялар мен органикалық қосылыстардың қолданылуын қоршаған ортаға әсері тұрғысынан түсіндіре алды және жауапты шешім қабылдау дағдыларын көрсетті. Органикалық химияны оқытуда экологиялық мазмұнды енгізу және цифрлық тапсырмалар жүйесін пайдалану студенттердің экологиялық сауаттылығын арттыруға және химиялық білімді тәжірибелік жағдайларда қолдану қабілетін дамытуға тиімді ықпал ететіні анықталды. Ұсынылған әдістемелік тәсіл жоғары оқу орындарында химияны оқытудың мазмұнын жаңартуға мүмкіндік береді.

Библиографические ссылки

1. Hurst, G. A., Quiroz-Martínez, D., & Wissinger, J. E. (2025). Chemistry Education for Climate Empowerment and Action. Journal of Chemical Education, 102(4), 1349-1351. https://doi.org/10.1021/acs.jchemed.5c00306

2. de Raad, I. H., Iltes, M., Kosjakova, O., Meerholz, A., Portocarrero Gamarra, A., Tilquin, J., Dziubinska-Kuehn, K. M. (2024). Evaluating the environmental impact of chemistry education: A pilot extracurricular activity for undergraduate students. Journal of Chemical Education, 101(11), 4756-4764. https://doi.org/10.1021/acs.jchemed.4c00456

3. Etzkorn, F. A., & Ferguson, J. L. (2023). Integrating green chemistry into chemistry education. Angewandte Chemie International Edition, 62(2), e202209768. https://doi.org/10.1002/anie.202209768

4. Juntunen, M. K., & Aksela, M. K. (2014). Education for sustainable development in chemistry–challenges, possibilities and pedagogical models in Finland and elsewhere. Chemistry Education Research and Practice, 15(4), 488-500. https://doi.org/10.1039/C4RP00128A

5. Jegstad, K. M., & Sinnes, A. T. (2015). Chemistry teaching for the future: A model for secondary chemistry education for sustainable development. International Journal of Science Education, 37(4), 655-683. https://doi.org/10.1080/09500693.2014.1003988

6. Anastas, P. T., & Zimmerman, J. B. (2018). The United Nations sustainability goals: How can sustainable chemistry contribute?. Current Opinion in Green and Sustainable Chemistry, 13, 150-153. https://doi.org/10.1016/j.cogsc.2018.04.010

7. Anastas, P. T. (2003). Meeting the challenges to sustainability through green chemistry. Green Chemistry, 5(2), G29-G34. https://doi.org/10.1039/B211620K

8. Jansson, S., Söderström, H., Andersson, P. L., & Nording, M. L. (2015). Implementation of problem-based learning in environmental chemistry. Journal of Chemical Education, 92(12), 2080-2086. https://doi.org/10.1021/ed500970y

9. Arsyad, M., Guna, S., & Barus, S. (2024). Enhancing chemistry education through problem-based learning: Analyzing student engagement, motivation, and critical thinking. International Journal of Curriculum Development, Teaching and Learning Innovation, 2(3), 110-117. https://doi.org/10.35335/curriculum.v2i3.178

10. Biney, E. (2025). Systematic review of problem-based learning in environmental education. Educational Point, 2(2), e131. https://doi.org/10.71176/edup/17292

Опубликован

24.02.2026

Как цитировать

Рысбай, А., & Жаксибаева, Ж. (2026). Көмірсутектер тарауын оқытуда экологиялық мазмұнды енгізудің  педагогикалық мүмкіндіктері. SANA LOGOS – Республиканский научный журнал, 1(1), 18-26. https://doi.org/10.5281/zenodo.18731638